Бүгін Қызылордада №9 политехникалық колледжде мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың бюсті ашылды. Оған облыс әкімі Қ.Көшербаев және М.Ықсановтың қызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Ықсанова және әріптестерімен, жерлестері қатысты.
Мұстақым Ықсанов Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, қатардағы қызметкерден еңбек жолын бастайды. Әр жылдары біліктілігі мен білімділігінің, ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында аудандық партия комитеттерін басқарды. 1960 жылдары алмағайып уақытта Қызылорда облысына басшы болды.
Бюстің ашылу салтанатында Батыс Қазақстаннан келген әріптестері мен шәкірттері М.Ықсановтың адамгершілік қасиетін сөз етті. Мұнан соң оқу ғимаратында орналасқан М.Ықсановтың мұражайымен танысты.
Ал М.Ықсановтың өмірі мен еңбек жолына арналған танымдық конференцияда тау тұлғаның қызметтік жолы турасында пікірлер айтылды.
Ол Сыр өңірін басқарған тұста қордаланған мәселелердің шешімін табуына ұйытқы болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық саласының өркендеуіне мүмкіндік жасады. «Дала академигі» Ы.Жақаев осы жылдар ішінде күріштен рекордтық өнім алып, аты әлемге танылды. М.Ықсанов биліктің өзге салаларында жемісті еңбек еттіп, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды.
Жиынға қатысқандар мұндай тумысы бөлек жан мәңгі ел жандында сақталатынын айтып тарасты.