Бүгін Арал аудандық кәсіпкерлер палатасының жанындағы кәсіпкерлік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов арнайы келіп және Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасы филиалының директоры Қадырхан Еңсеповтың ұйымдастыруымен өңірлік кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес отырысының мақсаты – кәсіпкерлік палатасы филиалының жұмыс барысымен, аудандағы кәсіпкерлер кәсібінің жағдайымен танысу, жұмыс барысында орын алып жатқан мәселелерді талқылау болатын.
Бүгінгі бас қосуда кеңес мүшелері кәсіпкерлер үшін қиындық туғызып отырған электр жарығы мен су мәселесін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Арал халқының ата кәсібі балық шаруашылығына байланысты басты мәселелерді, көп жерде белең алып кеткен жалған кәсіпкерлік мәселесін, несие алуда туындайтын қиындықтар, экодаму несиелері турасындағы қордаланған мәселелерді көтерді.
Ғ.Жақсылықов кеңес отырысында талқыланған мәселелердің барлығы Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының тұрақты бақылауында болатынын хабарлады.
Ал, кеңес мүшелерінің айтуынша, мемлекеттік органдар мен құқықтық құрылымдар және кәсіпкерлер палатасы бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана орын алып отырған кедергілерді жою мүмкін болмақ.