Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Танысынан масқара етемін деп 5 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды

Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған 35 жастағы  әйел құрықталды. 


12 ақпан күні полицияға 44 жастағы азаматша жүгінді. Ол танысы өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы 5 млн теңге беруді талап еткен. Аталған дерек бойынша Қазалы АПБ және Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады. 
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: