Қоғам оларды мүмкіндігі шектеулі деп қабылдай қоймасы анық. Себебі қызылордада «ұшқын» атты кәсіпорын қаладағы бірнеше мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тартып, халыққа қызмет етуде.
Бес жылдан бері мүгедек азаматтардың табыс тауып, елмен бірге жүруіне жағдай жасап отырған «Ұшқын» кәсіпорны осы кездері тротуарлық плиткалар мен жол жиек тастары, пластикалық терезе, есік және витраждар өзге де жиһаздар істеуде.
Игілікті іс бастап, маңайына тағдыр жазған өмірді сүріп, еңбек етіп жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың адал еңбегі ескерілді. Жұма күні аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі жандар бірігіп қызмет етіп жатқан кәсіпорын жұмысын көзбен көріп қайтты. 200-ден аса қызметкерге тұрақты табыс тауып беріп отырған кәсіпорын басшысы тағдыры түйіскен адамдардың бәрін біріктерін бір істің ашу үшін цехты іске қосқанын айтты. Сол бес жыл бұрынғы табанды еңбек бүгінде жемісін беруде.