Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Баға тұрақтылығы - басты назарда 

Қаладағы азық-түлік бағасын бағамдауда «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобы жұмыс жасап жатыр. Жыл басынан бері әлеуметтік дүкендер мен сауда орталықтарындағы азық-түлік бағасында біршама өзгерістер орын алған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының жетекшісі Наталья Мишукова мен топ мүшесі Ляззат Бақтыбаева атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
-Қаладағы бірнеше азық-түлік дүкендеріне арнайы мониторинг жасаған болатынбыз. Тексеру барысында азық-түлік дүкендерінде ұн бағасының тұрақты екені белгілі болды. Ал нан бағасы әлеуметтік дүкендерде 55 теңгеден сатылса, басқа сауда орындарында әр түрлі бағада сатылуда. Күріш, сүт өнімдері, күнбағыс майы, картоп және сәбіз өнімдерінің бағалары айтарлықтай өскені байқалады. «Ел намысы» арнайы мониторинг тобы өкілдерімен бірге бағаны бақылауға алатын боламыз, - деді Наталья Мишукова.
- Жергілікті өнім беруші немесе жергілікті кәсіпкерлердің кәсібін ашуда бірқатар бюрократиялық қиыншылықтар бар. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істелуі керек деген ойдамын. Қазіргі таңда «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобы ішкі істер органдары мен білім саласына мониторинг жұмыстарын бастады, - деді Ляззат Бақтыбаева. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: