Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы 2016 жылы облыстық басқармалар және қала, аудан әкімдіктеріне қарасты тапсырыс берушілерден 64 млрд. 818 млн. теңгені құрайтын 1743 конкурс пен аукцион жариялап, 2 млрд. 947 млн. теңге қаржы үнемделген.
Бұл туралы туралы бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейтова мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, 2016 жылы басқармамен жалпы құны 21 млрд. 633 млн. теңгені құрайтын (ҚҚС-н есептемегенде) 61 конкурс өткізілді. Оның ішінде 61-і облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен ұйымдастырылған, үнемделген қаржы 1 млрд. 541 млн. теңге.
Сала бойынша заң бұзушылықтарды азайту мақсатында тапсырыс берушілер өздері өткізген 44 конкурс бойынша біздің мамандар комиссия мүшелігіне кіріп, кураторлық қызметті жүзеге асырды. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында тапсырыс берушілердің салаға жауапты 145 маманның тізімін жасап, оларға он бір айда үш рет тәжірибелік көмек көрсетілген.
Өткен жылдың сәуір және қараша айларында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда семинар-кеңестер өткізіліп, өңірлік орталықта 59 рет дәріс оқылған. Атап айтқанда, Заң бұзушылықтар тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес 2015 жылы сала бойынша 18 тұлға сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ал ағымдағы жылдың 11 айында тапсырыс берушілердің 6 қызметкеріне теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылған.
Ал, өткен жылмен салыстырғанда комиссия мүшелерінің әкімшілік жауапқа тартылуы 135-тен 72-ге немесе екі есеге дейін азайған.