Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың өнер бөлімінде Қазақстанның халық артисі, КСРО-ның халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Әлем тамсанған әнші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ермек Серкебаев 1926 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. 1941-1943 жылдары Алматы музыка училищесінде оқыды. 1951 жылы Алматы консерваториясының вокалдық факультетін бітірді. 1947 жылы студент кезінде Қазақ академиялық опера және балет театрының солисі болып қызмет атқарып, опералық портреттердің әдемі галериясын жасады. Е.Серкебаев сомдаған образдар арасында ұлы Абайдың тұлғасы, Ер Тарғын және Алпамыс образдары бар. Ол қазақтың вокалды қазіргі замандық музыкасының үздік орындаушысы болды.
Көрмеге әншінің өмір жолы мен өнердегі қызметі жайында мәлімет беретін әдебиеттер, мерзімді басылымдар, суреттер, фотоальбомдар қойылды. Кітапхана оқырмандары, мәдени қызметкерлер, студенттер көрмеге қойылған кітаптар арқылы қазақ халқының музыка мәдениетінің бай мұрасымен және тарихымен танысуға зор мүмкіндік алды.