Петропавл қаласында өткен мектеп оқушыларының дәстүрлі республикалық пәндік олимпиадасында жаңақорғандық Гүлім Пәрменова жүлделі III-орын жеңіп алды.
Жүлдегер ҚР білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды. Кенттегі №163 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Г.Пәрменова қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Құқық негіздері» пәні бойынша аудан намысын абыройлы қорғады.
Жас білімпазды дарындылар олимпиадасына дайындаған №163 орта мектебінің жоғары санатты тарих, құқық негіздері пәні мұғалімі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» Ләззат Жұмабекова.