Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТҰЗШЫЛАРДЫҢ НАУРЫЗ ТОЙЫ

ТҰЗШЫЛАРДЫҢ НАУРЫЗ ТОЙЫБүгін Жақсықылыш кентінің тұрғындары «Аралтұз» АҚ-ның орталық алаңында наурыз мерекесін атап өтті. 
Алаңға «Аралтұз» , «Наурыз», «Болашақтың бастау» атты 3 киіз үй тігіліп, оларда кент тұрғындары, еңбек ардагерлі, ардагер ұстаздарға қонағасы берілді. Сондай-ақ, Жақсықылыш кенті әкімі аппараты, «Мерей» балабақшасы, «Жақсықылыш» емханасының ұйымдастыруымен «Дәм татыңыз, Наурыз көжеден» атты қайырымдылық шарасы өткізіліп, мерекелік жиынға қатыса алмаған науқастар мен қариялардың «Наурыз көжеден» дәм татуына мүмкіндік жасалып, үйлеріне таратылып берілді.Бұдан бөлек осы қайырымдылық шарасы аясында тұрмыс жағдайы төмен отбасылар азық-түлікпен қамтылды.
Мерекенің көркін №19 орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарлама қыздыра түсті. 
Ал, Мереке соңы спорттық ойындармен жалғасты (қазақша күрес, арқан тарту, батпан көтеру,асық ату, қол күресі ). Спорт ойындарында жеңімпаз атанғандарға бағалы сыйлықтар берілді.Және Наурыз мерекесіне арналып әшекейленген аттар тобы да өзара сынға түсіп ең әдемі безендірілген аттың иесі сыйлық еншіледі. Айта кетейік, кент тұрғындарының басым көпшілігін «Аралтұз» АҚ-да жұмыс жасайтын қызметкерлер құрайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: