Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – үздіксіз процесс
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың қызметі және парызы .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайла жасалу керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін. Осы мақсатта елімізде көптеген іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға көптеген іс шаралар жасалып, жұмыстар атқарылуда.
Г.Тәженова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы