Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда көпбалалы ана сотталды

Байқоңырда есірткі саудасымен айналысқан 43 жастағы көпбалалы анаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Байқоңыр қаласының 1977 жылғы тұрғыны, көпбалалы ана қылмыс үстінде ұсталды. Ол қала аумағында есірткі сатумен айналысқан», – делінген қала прокуратурасының хабарламасында.
Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің ірі көлемде «кептірілген марихуана» сатқаны анықталды.
Прокуратура қызметкерлері әйелдің есірткі шеккен күйде ұсталғанын атап өтті.
«Қылмыстық істі тергеу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады», – деп нақтылады прокуратурадан.
Кінәсін мойындағанына және кішкентай төрт баласының барына қарамастан, сот әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.
«Сотталушының кәмелетке толмаған балалары Байқоңыр қаласының білім басқармасының қамқорлығына берілді», – деді прокуратурадағылар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: