Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада бүгін 4 адам коронавирус індетінен жазылып шықты

Қызылорда облысында коронавирус індетінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Олардың жалпы саны 21 адамға жетті.
Бүгін, 18 сәуірде 4 науқастан емі толық аяқталған соң, екі мәрте тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсетті. Нәтижесінде науқастар коронавирус инфекциясынан жазыпды деген қорытынды жасалды. Олар ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
І«ндетті жеңген 4 науқастың 2-і Қармақшы, 1-і Жаңақорған, 1-уі Шиелі ауданының тұрғындары. Олар алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін барлығы 143 адам коронавирус инфекциясына шалдықты. Олардың 21-і толық жазылып шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: