Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Талдысу» лагерінің жаңа маусымы ашылды

«Талдысу» лагерінің жаңа маусымы ашылдыЖаңақорған ауданындағы Бесарық су қоймасы жанындағы облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру апталығы өзінің жаңа маусымын ашты. Мұнда қазірде 300 бала Қармақшы ауданынан келіп демалып жатыр. 
Бұл орталықта өткен жылы 5 ауысымда 1636 оқушы демалған болатын. Биыл да сол межеде жұмыс істейді. Айта кетейік, «Талдысу» лагерінде жаз маусымында аймақ балалары тыныға алады. Ал жазғы демалыстан бөлек уақытта мұнда олимпиадаға, түрлі жарыстарға және 11 сынып бітірушілерінің ҰБТ-ға дайындық жүргізулеріне жағдай жасалған. Яғни, бұл бір уақытта мектеп оқушыларына сапалы демалыс сыйлап, жыл бойы білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалған уақытта лагерьде ардагерлер де тыныға алады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: