Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада студенттер онлайн жүйеде оқуға көшті

Түрлі мәдени, спорттық шараларды, музейлер мен кітапханалардың жабылғандығы, гастрольдік сапарлардың тоқталғандығы да айтылды.
Бұл жөнінде Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
"Бүгіннен бастап колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттері онлайн жүйеде оқуға көшті. Облыстағы 627 балабақшалар меншік түріне қарамастан жұмыстарын жалғастыра береді. Егер балалар себептерге байланысты балабақшаларға баруды тоқтатқан жағдайда, төлемдері де шегерілетін болады." - деді, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов.
Мәдениет және білім салаларындағы жауапты басшыларының мәлімдеуі бойынша, қызметкерлердің жұмыс режимдары белгіленді. Бірінші категорияға жататын қызметкерлер, яғни әкімшілік және техникалық қызметкерлер жұмыстан босатылмайды. Екінші, ұстаздар мен өзге де қызметкерлер онлайн дәрежеде жұмыс істеулеріне жағдай жасалады. Үшінші, қызметкерлердің өз сұраныстарына қарай, еңбек демалысын, ақылы-ақысыз еңбек күндерін алуына болады.
Бұдан бұрын Қызылордада дәрі-дәрмек пен қорғаныш заттары қоры жеткілікті екені айтылды.
Сондай-ақ, Қызылордада ірі сауда орындарының жұмысы штаттық кестеге көшірілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: