Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СІБІР ЖАРАСЫНАН САҚТЫҚ ҚАЖЕТ

СІБІР ЖАРАСЫНАН САҚТЫҚ ҚАЖЕТЕлімізде сібір жарасы дертіне байланысты проблема кездеседі. Бұл орайда Қызылорда облысында да бірқатар мәселелерді шешу талап етіледі, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі. 
Сыр өңірінде сібір жарасы індетінің кадастрге тіркелген 67 ошағы бар. Бүгінгі күнге дейін оның тек 26-сы ғана нақтыланған. Сондай-ақ, олардың 41-не белгі қойылмай, айналасы қоршалмаған.
Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен арнайы жиналыста облыстық ветеринария бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов сібір жарасы негізінен адам мен жануарларға ортақ жұқпалы дерт екеніне тоқталып, аурудың қоздырғышы топырақта 100 жылға дейін сақталатынын атап өтті. Сондықтан талап бойынша індетті аумаққа адамдар мен жан-жануарлардың аяқ баспауы үшін арнайы тыйым белгісі қойылуы шарт. 
Бүгінде Қарағанды облысында аталмыш жағдайдан 2 кісінің өмірі келтеден үзілсе, 7 адам аурухана төсегіне таңылған. Сондай-ақ, Алматы, Павлодар облыстарында да эпизоотикалық жағдай күрделеніп тұр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: