Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Үздік аулалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шаһарды жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға өз үлестерін аянбай қосып келе жатқан тұрғындарды ынталандыру мақсатында бүгін «Үздік аулалар» байқауының жеңімпаздары құрмет төрінен көрінді. 


Қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова аула бағбандарына диплом және қаржылай сыйақы табыстады. Сондай-ақ, қала тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлері де құрмет көрді. 
- Қызылорда шаһарының көркеюі мен таза болуы Сіздердей жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасы. Қызылорда қаласын жасыл-желекке айналдыру бағытында туған қалаға қызмет ететін Өздеріңіздей жанашыр және белсенді азаматтар қатары арта берсін, - деді ол.
Биыл «Үздік аула» байқауына қатысуға 17 аула өтінім білдірген. Байқау үздіктерінің ішінен мүмкіндігі шектеулі жан екеніне қарамастан көгалдандыру ісін қолға алған «Сәулет» мөлтек ауданы №12 үйдің тұрғыны Нина Константиновнаның ауласы комиссия шешімімен басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды атасының бағбандық ісін жалғастырған Жаппасбай батыр көшесі 4 үй тұрғыны иемденсе, ІІІ орын көршілердің ауызбіршілігі үзілмеген  «Ақмешіт» мөлтек ауданы №7 үй тұрғынына бұйырды.
Айта кету керек, жеңімпаз атанған тұрғын үй ауласына «Үздік аула - 2022» тақтайшасы ілінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: