0
ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Қызылорда қаласында мәдениет саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Қызылорда қаласы-аймағымыздың тек әкімшілік қана емес, сонымен бірге мәдени - рухани орталығы болып саналады.
Осы ретте, қала бойынша жыл басынан бері түрлі бағыттағы 472 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 90 мыңнан астам көрермен қатысқан.
Бүгінде, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 85 үйірмелер жұмыс жасаса, үйірмеге қатысушы өнерпаздар саны– 1 мың 67 адам.