Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Іске бейім мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетіледі

Мүгедектігі бар жандар қиындыққа қарамай іс бастап, қоғам дамуына қызмет етуде. Олардың әрбірі туған жерді өркендету ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдыруда. 


Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ерекше жандардың орталықтарына барып, қайсар азаматтардың мәселесіне құлақ түріп, пікірлесті. 
Алдымен аймақ басшысы А.Иманов көшесінде орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне барды. Орталық 2014 жылы грант ұтып, арнайы құрал-жабдықтарын сатып алды. Өз бастамаларымен 16 адамды қосымша жұмысқа тартты. Ал, 30-ға тарта азаматқа қайта даярлау тігін курсын оқытып, сертификат берді.
Қазіргі таңда орталықтың жанында ашылған оқу-өндірістік кәсіпорнында тігін цехы мен картон өңдеу цехы жұмыс жасауда.
Мекеме төрағасының міндетін атқарушы Данияр Нұрымбетов облыс әкіміне кәсіпорындағы өндірістерді таныстырып, ғимаратты абаттандыру және қосымша құрылыс салу жұмыстарына қолдау көрсетуді сұрады. 
Өз кезегінде Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірқатар кәсіпкерлерге орталықтың шағын көлемдегі жөндеу жұмыстарына көмек көрсетуге ықпал жасау қажет екенін қаперге салды. 
Әрі қарай аймақ басшысы «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі құрған орталыққа келді. Арнайы орталық мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, психологиялық тренингтер өткізіп, құқықтық кеңес береді. Мұнан бөлек, инва-СТО, арба жөндеуді үйрету және өзге де қызметтері де бар. 
Бірлестік төрағасы, белсенді жас Сағатбек Сиюов орталықта жұмыс істейтін ерекше жандардың әрбір ісін таныстып, бастамалы жұмыстарын тізбелеп берді. Яғни мұнда қолөнермен айналысып, төмен бағамен шаштараз қызметін ұсынып, маникюр жасайды. 
Облыс әкімі талпынысы ерек жандардың жұмысын көріп, олардың табанды ісі мен дамуға деген ұмтылысы көптеген азаматтарға үлгі-өнеге екенін жеткізді. Сондай-ақ, олардың ұсыныс-негіздерін ескеріп, әрбір бастамаларына қолдау болатынын айтты. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: