Шиеліде де көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жандана түсіп, бау-бақтар өркен жайып келеді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғыдан қалған Нәзен бауы, Аманқұл бауы, орман шаруашылығының тұқым бағы, Әлтай бақсы бауы, Ызалы көл бауы, Ақмаядағы алма бағы, ескі дендропарк бауына бүгінде Ы.Жақаев атындағы саябақ, агроколледж бағы, Бөгенбай бағы,Яссауи көшесіндегі бақтар қосылып, кент ішінде гүлзарлар да көбейіп, көз тартуда. Мүмкіндіктер мұнан да мол. Бағдарламаға жүйелі түрде қосылу қолайлы. Таза ауа, таза су, экологияның жақсарғаны қалалар мен елді-мекендердің жан-жағы көгалданып, орталықтарының гүлзар алаңқайына айналғаны баршамызға жақсы.