Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТҚАРЫЛҒАН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖЕТІСТІККЕ БАСТАДЫ

АТҚАРЫЛҒАН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖЕТІСТІККЕ БАСТАДЫ Аудан әкімі Абзал Мұхимовтың есепті кездесуі Сексеуіл, Жақсықылыш кенті мен Октябрь ауылдық округінен басталды. Есепті кездесуге ауыл тұрғындары ықтиярлықпен қатысты. 
Алдымен жергілікті әкім мен учаскелік полиция қызметкері халық алдында бір жылдық атқарған жұмыстарын сарапқа салып, алға қойған жоспарларымен таныстырып есептерін берген соң, аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы аудан көлеміндегі атқарылған ауқымды жұмыстар мен 2016 жылға жоспарланған шараларға тоқталды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Арал ауданы көңіл қуантарлық нәтижеге қол жеткізді. Көптің арманы көгілдір отын келді. Жолдарымыз жөнделіп, көшелеріміз кеңейтілді. Бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Атап айтар болсақ жаңа типтік жобада салынған 5 мектеп, 2 мәдениет үйі және бір мезетте 150 келушіге қызмет көрсететін емхана бүгінде ел игілігінен қызмет жасауда. Бұдан бөлек әр сала жаңалықтармен толығып, шағын және орта кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салалары да жаңа көкжиекке көтерілді. Бұл жетістіктерде әрбір аралдықтың үлесі бар екендігін атап көрсеткен Абзал Сансызбайұлы 2016 жылы да жұмылып жұдырық болсақ біраз биіктерді бағындыратынымызды тілге тиек етті. Есепті кездесуге жиылған тұрғындар аудан әкіміне ұсыныс-пікірлерін білдіріп тұщымды жауап алса, ақсақалдар нәтижелі жұмыс жасаған басшыларға оң бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: