Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда эстафеталық жарыс өтті

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс баһадүр» стадионында аудан жастары арасында эстафеталық жарыс өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты, жастар арасында  салауатты  өмір салтын  қалыптастыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу және спорт түрлеріне белсене араласуы. Жарысқа Әйтеке би кенті, Ақсуат ауылы, Жалаңтөс, Абай, Өркендеу, Қ.Піріміов, Бозкөл, Бірлік ауылының жастарынан құралған командалар қатысты. Нәтижесінде барлығы 32 спортшы қатысып, І-орынға Әйтеке би кентіндегі Қазалы спорт клубының командасы ие болды. ІІ-орын Өркендеу ауылының жастары иемденсе, ІІІ-орынға Абай ауылының жастары жеңіп алды.
Шараны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ереже бойынша жүргізіп,  жеңімпаз жүлдегерлерді арнайы грамоталармен кубоктар табыс етілді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: