Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғандық судьялар майдангерлерге құрмет көрсетті

Жаңақорғандық судьялар майдангерлерге құрмет көрсеттіЖаңақорған аудандық сот төрағасы Н.Қосановтың бастамасымен майдангер ардагерлерге құрмет көрсетілуде. Бұл жолғы жүздесуде бірлігі жарасқан Бірлік ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Найманбай Құрбановтың шаңырағына ат басын тіреді. 
Абыз ақсақалмен емін-еркін сұхбат өрбіткен сала өкілдері, ардагерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтады. Сот төрағасы мен сот судьялары А.Бекботаев пен Б.Елшібековтер ұжым атынан қарияға шапан жауып, қаржылай сый-сияпат көрсетті. Ақсақалдың ақбатасын алған сот өкілдері, Найманбай атамыздың шаттықта ғұмыр кешіп, күш-қуаты қайратты болуына ізгі ниеттерін жеткізді. 
Айта кетейік, майдан даласында жау басқыншыларымен соғысқан Найманбай ақсақал елге оралғаннан кейін, ата кәсіпке бет бұрып қой бағады. Мал шаруашылығының дамуына өзіндік үлес қосып, ертелі-кеш тынымсыз еңбек етеді. Ақ жаулықты анамыз Әсемкүл апамыз екеуі Алланың берген 4 ұл, 4 қызын жетілдіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере шөберелерінің қызығына бөленуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: