"Коммуникативтік кеңістіктегі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қызмет етуі" тақырыбында аудандық онлайн-конференция өткізілді.
Оған Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тәжмаханов қатысып, аудан кітапxанасына келіп түскен жаңа кітаптармен және мобилді кітапxана жұмысымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары шараға қатысушыларды Қазақстан xалықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, конференцияда мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Дүйсенбиева баяндады. Үштілділікті дамытудың пайдасы туралы xабарламалар тыңдалып, тіл жанашырлары марапатталды. Қатысушылар пікір білдіріп, көршілес Сырдария және ауданымыздың ауылдық округтеріндегі кітапxаналар онлайн-байланысқа шықты.