Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МӘДЕНИЕТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТТЫ

МӘДЕНИЕТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТТЫЖалағаш ауданы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің кезекті кездесуі Мәдениет ауылдық округінде өтті.
Мәдениет ауылдық округінің әкімі Ә.Әлсейітов ауылдық округ бойынша 1 ЖШС, 44 шаруа қожалығы, 67 жеке кәсіпкер аудандық кірістер басқармасына тіркелінгендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, округ көлемінде 2016 жылдың көктемгі күріш орналастыру науқанында 2196 га күріш егісі, 42 га бидай орналастырылған.
Мәдениет ауылдық округіне қарасты «Жігер» шаруа қожалығы (төрағасы С.Сарбасов) жеке өз қаражаты есебінен ауылдық мешітке жаңа заман талабына сай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.
№32 орта мектепте қазіргі уақытта 369 оқушы білім алып, оларға 67 мұғалім дәріс беруде.
Мұғалімдердің 84,7 пайызы жоғары білімді мамандар.
Сонымен қатар елді мекендегі №32 мектеп лицейі болып белгіленді. 2016 жылы мемлекеттік алтын белгіге 2 оқушы ұсынылып, екеуі де өз білімдерін дәлелдеп шықты. 
2012-2016 жыл арылығында 33 ауыл тұрғыны «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 55 571 000 теңгеге 49 бас жылқы, 165 бас ірі қара малы сатып алынған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: