Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БУХГАЛТЕРЛЕР КЛУБЫНА СҰРАНЫС АРТТЫ

БУХГАЛТЕРЛЕР КЛУБЫНА СҰРАНЫС АРТТЫ

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы бухгалтер клубына күн өткен сайын сұраныс артуда. Құрылғанына  6 айдан астам ғана өткен клуб отырысы осы кезге дейін 7 рет өткізілді. Алғашында  3-4 есепшімен өткізілген отырысқа қатысушылар саны бүгінде 40-50-ге дейін жетті. 
«Бухгалтер клубын құрудағы мақсат кәсіпкерлерге ісін жүргізуде әдістемелік көмек көрсету. Өздеріңіз де білесіздер, бизнесті жүргізуде бухгалтердің қызметі ең басты рөл атқарады. Есепшілерсіз мекеменің жұмысын елестету мүмкін емес. Жұмысты дұрыс жолға қою үшін үздіксіз өзгеріске еніп отырған саладағы нормативтік-құқықтық құжаттар туралы хабардар болып отыру қажет. Осы ретте, клуб отырысына әрдайым қатысып, әріптестік қолдау көрсетіп отырған Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарына ерекше алғыс айтқым келеді. Департамент мамандарының арқасында кәсіпкерлік субъектілерінің есепшілері салық саласындағы жаңалықтардан уақытылы хабардар болып отыр», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов. 
Бухгалтер клубы ашылғалы кәсіпкер-есепшілерге Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер, электронды шот-фактураны енгізу тәртібі, ақпараттар жүйесіне тіркелу, 1С жүйесінде электронды түрде алынған электронды шот-фактураларды толтыру тәртібі, алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер, бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртіптері, кіріс, табыс салығына және өзге де мәселелерге қатысты түсіндірмелер берілді. Клуб отырысында спикерлік қызметті Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен бірге «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда филиалының, «Сауда технологиялары» ЖШС мамандары жүргізіп келеді.
Бухгалтерлер клубының кезекті отырысы биылғы жылдың 5 қаңтарында өткізілді. Отырыста 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, 1С бағдарламасы мен салықтық есептерге қатысты өзгерістер түсіндірілді.
Бухгалтер клубына тек Қызылорда қаласындағылар емес, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері де қатыса алады. Ол үшін қатысуға ниет білдірушілер белгіленген мерзімде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барса, селекторлық режимде қосыла алады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: