Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 181-бабының 2-бөлігімен «а,б» тармақтарымен айыпталған кәмелетке толмаған сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
"Кәмелетке толмаған Т. күш қолдану арқылы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бөтен мүлікті беруді қорқыту арқылы талап еткен" деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі. Яғни, кәмелетке толмаған Т. мектеп оқушысы бола тұра алдын ала сөз байласып (қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген азаматмен) өзі оқитын мектептегі сынып оқушысы кәмелетке толмаған жәбірленуші С.-ны қорқыту арқылы 100 рубль ақшасын талап еткен, жәбірленуші сотталушылар тарапынан қорқынышты сезініп, сотталушыға 100 рубль немесе 501 тенгені берген.
Сот кәмелетке толмаған сотталушы Т.- ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 181-бабының 2-бөлігімен «а,б» тармақтарымен кінәлі деп тауып, ҚР ҚК-нің 67 бабының 3 бөлімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатып, ҚК-нің 82 бабының «б,г» тармақтарына сай кәмелетке толмаған Т.-ға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын, яғни сағат 20.00 дан кейін үйден щықпауға, кәмелетке толмағанша ата-анасының қадағалауын жүктеді.