Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ильин Марстағы тіршілік иесінің дауысымен сөйлей бастады

Ильин Марстағы тіршілік иесінің дауысымен сөйлей бастады Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін жеңімпазы, қазақстандық Илья Ильин Марстағы тіршілік иесінің дауысымен сөйлей бастады. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Әйгілі спортшы әзіл аралас бейнеролигін «Марсианин» фильмінің ресми трейлері» деген атаумен Instagram парақшасында жариялады.
Жақын күндері Илья Ильин Қазақстанда өтетін IV жазғы спартакиадада 105 келі салмаққа дейінгі санатта өнер көрсетеді.
Айта кетейік, спартакиада 2015 жылы қазан айының 4-8 аралығында Талдықорғанда өткізілмек. Бес күннің ішінде 13 облыстан және 2 қаладан келген спортшылар өз аймақтарының атынан сайысқа түседі.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: