Үстіміздегі жылдың 28 сәуірі күні Жалағаш аудандық соты Өзбекстанның төрт азаматын әкімшілік қамаққа алды. Бұл жөнінде Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
Олар Қазақстан Республикасына жеке шаруамен келдім деп тіркелген. Шын мәнінде сала мамандарының арнайы тексеру барасында пайда табу мақсатында, жеке құрылыста жалданып жүргендігі анықталды.
Бұл әрекеттері үшін оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 517 бабының 5 бөлігімен әкімшілік істер қозғалған. Сотта заң бұзушылар өз кінәларін мойындады.