Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлік жайында білімін жетілдірді

Кәсіпкерлік жайында білімін жетілдірдіЖыл  басынан Қызылорда облысының 862 кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындары, бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлері кәсіпкерлік негіздеріне оқып шықты. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының 4-ші бағыты аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда қаласында және барлық 7 аудан орталықтарында кәсіпкерліктің экспресс курсын ұйымдастырды.
Кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан оқыту курсынан өтуге қазіргі таңда сұраныс өте жоғары. Мұның себебі, "Бизнес-Кеңесші" оқыту курсының сертификаты Даму Қорының кепілдемесін пайдалана отырып, жеңілдік берілетін несие мен қайтарымсыз гранттық қаржыландыруға қол жеткізетін мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол білікті тренерлер екі күн бойы семинар қатысушыларына бизнесті дұрыс жүргізуді үйретеді. Оқыту курсының бағдарламасына кәсіпкерлікті жүргізу, бизнес психологиясы, бизнесті жоспарлау мен кәсіпкерліктің заңды негіздері енгізілген, сонымен қатар тренерлер өз тарапынан маркетингтік зерттеулер жүргізіп, қызметкерлерді басқару жөнінде сапалы кеңестер береді. Тренинг барысында қатысушылар бизнес-тренерлерден сабақ алып қана қоймай, бір-бірімен бизнес тәжірибелерімен бөліседі.
"Бизнес-Кеңесші" жобасы біршама адамға бизнеске жол көрсетті. Оның біраз мысалы ретінде семинарға келген бизнес идеясы бар қатысушы оқудан алған білімі мен әсері негізінде оны жүзеге асырып жатады. Осындай жобаға қатысушы Қызылорда қаласында алғаш болып "Фито-бар" ашқан кәсіпкер Светлана Тлеулесованы айтса болады. Светлананың сөзінше, оқудан өтуге келгенде қайтарымсыз гранттық қаражатты алуға болатынын біліп, өз бизнесін бастаудағы алғашқы қадамын жасағанын айтады. Курсты сәтті бітіргені жөнінде сертификат алған соң "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 3 млн.теңгеге дейін грантық конкурсқа өтініш тастады және оны жеңіп шықты.
Барлығы Қызылорда облысы бойынша "Бизнес-Кеңесші" жобасы жүзеге асқан уақыттан бастап, 3891 кәсіпкерлік әлеуеті бар тұрғындар мен кәсіп бастаған азаматтар оқудан өтіп шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: