Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Төңкерістегі блок-постты алып тастауға әлі ерте - Наурызбай Байқадамов



Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс ауылдық округінде блок-постты алып тастауға әлі ерте. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлім етті.
Бүгінге дейін Шиелі ауданында 66 науқас тіркелген. Оның 46-ы Төңкеріс ауылдық округінің тұрғындары.Ауылда вирус қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Сондықтан кіре беріс блок -постты алып тастауға әлі ерте.
«Төңкеріс ауылы тұрғындарының 1,4 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Екі-үш күн бұрын кейбір республикалық телеарналарда Төңкеріс ауылдық округінің тұрғындарының төтенше жағдайға байланысты қойылған блок-пост жұмысын тоқтату туралы талабы көрсетілді. Онда сұхбат берген тұрғындар ауылда азық-түлік бағасы көтерілгенін, карантин талабына сәйкес ауылдан шыға алмай қалғандығын айтқан. Қазір ауылдық округ тұрғындарының сұранысы бойынша азық-түлік тауарлары, 300 газ баллоны, 20 тонна жем кідіріссіз жеткізілді. Азық-түлік сататын кәсіпкерлерге арнайы хат берілді. Онда шекті бағаның тұрақтылығын сақтау тапсырылды. Ол жергілікті билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар тарапынан бақыланды. Күнделікті қолданыстағы 9 азық-түлік тауарының белгіленген бағасы өскен жоқ. Халық тұтынатын тауарлардың бағасына тек жол шығыны ғана қосылды», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Төңкеріс ауылдық округінің кіре беріс блок-посты 30 наурызда қойылған. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, карантиндік шектеулер эпидемиологиялық жағдайға сәйкес біртіндеп алынады.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 232 адам бар. Оның 188-і сырқатынан айығып шықты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: