Қызылордада 426 мыңнан астам адам вакцина салдырды
Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94,2 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл - облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 426 463 адам (94,2%) салдырды. Ал II компонентті 418 453 адам (92,4%) адам алған.
«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі - облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш - Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.