Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ «Алтын белгі» иегерлері атанған үздіктерді Қармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашов қабылдады. 
Аудан басшысы ҰБТ қорытындысымен алтыннан алқа таққан үздіктерді шын жүректен құттықтап, осының барлығы ұстаздар қауымының еселі еңбегінің арқасында екендігін айта келіп, түлектердің еліміздегі үздік деген жоғары оқу орындарына түсіп, білікті маман болып шығып, еліміздің, ауданымыздың өсіп-өркендеп, көркеюіне зор үлестерін қосады деген лебізін жеткізіп, озат оқушыларға естелік сыйлықтар тарту етті. Сондай ақ биылғы оқу жылының және ҰБТ қорытындылары бойынша үлгірім көшін бастап, әріптестеріне үлгі көрсеткен №250, №,277, №26, №121, №109 №29, №99, №183, №80-ші мектептің педагогикалық ұжымдарына алдағы уақытта да сәттіліктер тіледі. 
Қармақшы ауданы бойынша 2015 - 2016 оқу жылында 594 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 453 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 76,3 болып, орташа балл 83,01 құрады.
Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,13 балл айырмашылық болды. 19 оқушы «Алтын белгі», 27 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Сонымен бірге ауданнан 7 оқушы пәндік олимпиядаларда «үздік» атанып, еліміздегі таңдаулы ЖОО-ның гранттарын жеңіп алса, 19 оқушы Ресей мемлекетінің МИСС университетінде білімдерін шыңдайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: