Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада туған ағасы інісінің ажалына себепші болды 

Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғыны туған інісін пышақтап өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқиға биылғы жылдың 30 наурызында болды. Сол күні қала тұрғыны алкогольді масаң күйде өз пәтерінде туған інісімен сөзге келіп қалды. Ағасы одан ішімдік тауып беруін сұрайды.  Өзара кикілжіңге келген сәтте 54 жастағы ағасы пәтерде болған танысының көзінше орындықта отырған інісінің сол жақ мойын тұсына пышақ сұққан. Ауыр дене жарақатынан інісі оқиға орнында көз жұмды.
«Сотталғанның жасаған кінәсі іс бойынша жинақталды.  Ол сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланды. Оның қылмысы заттай дәлелдермен, сараптама қорытындысымен дәлелденді. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 54 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - деді Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Сая Темірбекова.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: