Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

 

Ағымдағы жылдың 19-20 шілдесінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған делегация құрамында Мәскеу қаласында РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин бастаған ресейлік әріптестерімен жұмыс барысындағы келіссөздер жүргізді. 
Кездесу барысында ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, қалада түрлі бағыттағы бірлескен жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Делегация мүшелері 2017 жылғы 17-23 шілде аралығында Мәскеу қаласында өтіп жатқан «МАКС-2017» ХІІІ халықаралық әуе ғарыш салонындағы экспозициялармен танысты. Қазақстандық делегация «Роскосмос», «Біріккен әуе құрылыс корпорациясы» павильондарына барып, ұсынылған экспонаттармен танысты. 
Бұдан бөлек, Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бірқатар кездесулер өткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: