Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көкжөтелдің аймақтағы ахуалы тұрақты

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық белгілері бар инфекциялық ауру.


Сурет: saryarka-samaly.kz

Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.
Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға тән. Алайда кез-келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияның алдын алу әдістерін білу керек.
Көкжөтелдің белгілері жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:
- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;
- әлсіздік, бұлшықеттердің ауырсынуы, бас ауруы;
- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.
Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшы жолымен жұғады. Ауру адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы көлемінде көкжөтелдің 1 дерегі зертханалық, клиникалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды.
 Балаларды көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі –вакцинация. Екпе баланың 2, 3, 4 пен18 айлығында және 6 жасында жүргізіледі. 
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкжөтелді жұқтырып алмас үшін балаларға уақытылы екпе алуға кеңес береді, сонымен қатар санитариялық-гигиеналық талаптарды жауапкершілікпен орындауды сұрайды. Аурудың белгілері байқалған кезде жедел медициналық көмкекке жүгінуді ұмытпаңыз, себебі өз бетімен емдеу асқыну жағдайларына алып келуі мүмкін.
Әлия Әбдіқайымова,
 Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: