Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Маман шашты тырнақ арқылы тез өсірудің жолын атады

Шаштараз және трихолог Хелен Риви тырнақты үйкелеу арқылы шашты тез өсірудің жолы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. 


Риви бұл әдістің аюрведикалық практикаға жататын мәлімдеді. Сөзінше, үнділер мәдениетінде шаш жабындысын қалыпқа келтіруге көмектеседі екен. Трихолог әдісті дұрыс орындау үшін жұдырықты түйіп, тырнақтарды бір-біріне үйкеу керегін айтты. Сонымен қатар мұндай ерекше тәсілге күніне 10 минут арнаған жөн. 
"Күнделікті тырнақты бір-біріне үйкелеу арқылы миға белгі барып, ұйықтап жатқан шаш фолликулдарын оятуға болатынын білесіз бе? Сонымен қатар аталмыш тәсіл шаш түбіріндегі қан айналымын жақсартып, шаштың дұрыс өсуіне әсер етеді. Мені есінен алжасқан деп ойлайсыз ба? Ғаламтордан іздеп көріңіз", - деді ол өз мәлімдемесінде. 
Шаштараз атаған әдісті Health Shots медициналық порталы да растады. Басылымның жазуынша, тырнақ маңында орналасқан жүйке жүйелері бас терісімен байланысты, сондықтан тырнақты жиі үйкелеу ондағы қан айналымын жақсартады. 
Сондай-ақ тырнақты үйкелеу шаш фолликулдарын қалыпқа келтіріп, оны қатайтуға септігін тигізеді екен. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: