Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРАЛДА «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІАрал ауданының маңдайалды үздіктері аудан әкімі Абзал Мұхимовтың қабылдауында болды. 
Биыл ауданнан 9 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері атанды. Түлектерді зор қуанышымен құттықтаған аудан басшысы Тәуелсіз Қазақстанның келбетті келешегі, баянды болашағы өздеріндей жалынды жастың білікті білімінде, құрыш білегінде, қажыр-қайраты мен ақыл – парасатында екендігін баса айтты. Сондай-ақ, бүгінгі жетістік ұстаздар қауымының ерен еңбегі екенін ескеріп, алғысын білдірді.
«Алтын белгі» иелеріне естелік сыйлықтар мен арнайы әкімнің құттықтау хаты табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: