Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЖ қызметкерлерімен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған  әдеби шара өтті

9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осы атаулы күнге орай ҚАЖ департаментінің тіл маманы Д. Достанова 37мекеме қызметкерлеріне  әдеби іс-шара ұйымдастырды.


Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат беріліп, оның өлеңдері оқылды. Қызметкерлер ақынның жүрекке жылы, рухани терең өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әдеби кеш ақын мұрасын дәріптеу, рухани байлығымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
- Мұқағали Мақатаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, поэзияның мәңгілік шамшырағы. Оның өлеңдері қанша жыл өтсе де, өз құндылығын жоғалтпай, керісінше, уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа оқырмандарын табуда. Біз бүгінгі іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алдық, жырларын оқып, бір сәтке болсын Мұқағали әлеміне ендік. 
Мен Мұқағали жырлары мәңгілік өшпейді деп есептеймін. Оның шығармалары бізге өмірдің мәнін ұғындырып, рухани күш береді. Қызметте жүрсемде, ақын өлеңдерін жиі оқимын. Бүгінгі тағылымды шарадан рузани азық алдық,- дейді әділет капитаны Сая Кенжеғұлова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: