Бүгін облыс әкімдігінде «Ғылым және бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа механизмдері» тақырыбында арнайы кездесу өтті.
Оған аграрлық ғылым саласының ғалымдары, агробизнес өкілдері және жергілікті атқарушы билік органдарының қызметкерлерінің қатысты.
Кездесудің мақсаты, аграрлық ғылым және бизнес интеграциясы, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы агробизнестің дамуын қолдау.
Кездесуге Қызылорда облысының ауыл шаруашылық ұйымдары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері, фермерлер, өңдеу мекемелері және агробизнес өкілдері, қызығушылық танытқан жергілікті атқарушы орган мен аудан әкімдіктерінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ғылыми зерттеу институттарының жетекші ғалымдары қатысты.