Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІБүгін Қызылорда қаласында «ҚР Тұңғыш Президенті атындағы» саябақта жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, саябақ аумағында арша мен сыр талы секілді мыңнан астам ағаштар отырғызылды.
Аталмыш сенбілікке аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушы белсенді жастар мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарымен кездесіп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған «Бауырсақ party», асық ату секілді ұлттық ойындар жарысын тамашалады.
«Бауырсақ party» шарасын ұйымдастырушылар сенбілікке қатысушыларға арнайы дастархан жайып, жаңа піскен ыстық бауырсақтар мен ұлттық сусындарымыз қымыз, шұбат және құрт пен ірімшіктерін ұсынды.
Бұл сенбілік көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жарияланған екі айлықтың басы ғана. Бүгінгі жалпықалалық сенбілік барысында Қызылорда қаласының барлық аумағында, арнайы бөлінген 4 сектор бойынша тазалық – абаттандыру жұмыстарын жүргізумен қатар 2 мыңнан астам жас көшеттер отырғызылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: