Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық тергеуші қаржы пирамидасын құрғандардың қылмысын дәлелдеді

Бүгінгі күні, алаяқтық қылмыстарының түрлі тәсілдерін ойлап тауып, халықтың осал тұсынан тиіп, сан соқтырып, оңай олжаны игеріп, қылмыстық мақсатқа пайдаланушылар қоғам ішінде белең алып, олардың саны күн сайын артуда.


Осы ретте, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, ақпараттық жүйені пайдаланушыларды алдау және алаяқтық қылмыстарының басқа да түрлеріне мүлдем төзбеушілік танытып, алдын алу, бұғаттау, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын заңмен қорғау, залалды қалпына келтіру, кінәлілерді анықтай отырып, іс-әрекеттерін әшкерелеу, қылмыс құрбанына айналмауы үшін халық арасында түсіндірмелік жұмыстар жүргізу бағытында ауқымды шаралар атқарылуда.
Оның бірден бір дәлелі, Полиция департаментімен жыл басында «Г», «Н» және «Г» есімді адамдармен жасақталған қылмыстық топ құрықталуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Осыған орай, Тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Нұрмағанбет Нұрбол сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, өзінің жас маман екеніне қарамастан күні-түні еңбек етіп, қылмыстық іс бойынша күрделі және ауқымды тергеу әрекеттерін жүргізді.
Нәтижесінде, тергеуші Н.Нұрмағанбет күрмеуін ағытуы оңайға соқпайтын қылмысты әшкерелеп, осы жолы да ізденісте болып, Құқық қорғау органы саласындағы кәсіби шеберлігі мен білімінің, өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз және сапалы орындаудың арқасында аталған топпен жасалған қылмысты толық әшкерелеп, оның бұғатталуына ықпал етіп, жағдай туғызды.
Тергеушімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің бірігіп, қылмыстық іс-әрекеттерін бүркемелеп, пайдакүнемдік мақсатта басқалардың сеніміне кіріп, жалпыға ортақ тұрмыстық жағдайда туындайтын қаржылай қажеттілікті ескеріп, «WhatsApp» мессенджерінен «BEFREE» атауымен чат ашқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: