Қытайлық трактор Тартоғайды абаттандаруға пайдаланылады
Ауылдың келешегі - еліміздің болашағы екені мәлім. Тартоғай - өзінің оң дәстүрі қалып тасқан берекелі ауыл. Жыл сайынғы әкімдердің есепті кездесулерінде осы ауылда трактор алып беруді сұраған өтініш қайталанатын.
Алматыдан 15 мамыр күні Қытайда жасал ған LW300F маркалы көлемі 1,8 тиеу қондырғысымен су жаңа трактор жеткізілді. Тартоғай ауылын дағы жер бедері биікте орналасқандығын ескерсек, мұнда аяқ су жолдарын қазу, тазарту, көк темгі, күзгі су тасқынының алдын алу, көркейту, көгалдандыру, тазалау, абаттандыру жұмыстары на нақ осындай трактор қажет-ақ еді. Ауыл әкімі Д.Сүйіндік пен "Байсер кірпіш зауыты” ЖШС-нің директоры С.Қыдыралиев екеуі өзара шарт жасасып, бүгін де бұл су жаңа трактор елге қызмет көрсе туге кірісіп кетті. Ауыл тұрғындары облыс, аудан әкімдеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатыр.