Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 150 ЖОБАНЫ СҮЙЕМЕЛДЕДІ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 150 ЖОБАНЫ СҮЙЕМЕЛДЕДІҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының кеңесшілерінің тиімді жұмысының нәтижесінде аймақта жалпы құны 818,5 млн.теңгені құрайтын 150 жоба қаржыландырылды. Ерекше тоқталатын жайт, қаржыландырылған жобалардың 94 пайызы ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жобалары.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басында өңірдің барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылған болатын. Бүгінде Орталық кеңесшілерінің қызметьі жоғары сұранысқа ие. Осы жылдың 9 айының өзінде 6346 кәсіпкер Орталықтың 12500 қызметін алған. 
Мұнан өзге, Палатада кәсіпкерлерге сервистік қызмет те көрсетіледі. Мәселен, облыс орталығындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандағы Орталық кеңесшілерімен жыл ішінде 983 қызмет көрсетілу керек болса қазірдің өзінде 1544 қызмет көрсетіліп, жоспар 139 пайызға орындалды. 
Қызылордалықтар арасында сұранысқа ие бағдарламалардың бірі – «Бизнес-кеңесші» жобасы. Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев: «Биыл біз 800 қызылордалықты оқытамыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ облыс тұрғындарының бұл жобаға сұранысы жоғары болды. бүгінгі күнге дейін 1458 азамат біліктілігін жетілдірді. Сонымен бірге, «Бизнес-өсу», «Жобалық оқыту» жобалары бойынша да жоспарды артығымен орындадық», - дейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: