Қазалы ауданында апатты жағдайдағы мектептер проблемасы шешілді.
Өткен жылы 5 жаңа білім ошақтарының құрылыс жұмыстары (243,0 млн. теңге) басталса, биыл мектеп құрылыстарын аяқтауға 1 млрд. 934 млн. теңге бөлінді. Соның бірі Ақжона ауылдық округі, Майдакөл ауылында 200 орындықты мектептің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Округте «Айзат», «Азамат-1», «Ботабай» шаруа қожалықтары мал басын көбейту жұмыстарымен, «Нұртаза-Бек», «Аман», «Оспанов» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен тұрақты айналысып келеді.
Өткен жылы 2 кәсіпкер «Жаңаталап», «Көктөбе» учаскелерінен 75-150 га жер алып, жеке шаруа қожалығын ашты. «Айзат» шаруа қожалығына БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы күн-жел генераторы арқЫлы электр энергиясын өндіретін қондырғы мен тәулігіне 150 метр су тұщытатын аппарат алынса, Аралды құтқару қоры арқылы шахталы құдық қазылып, пайдалануға берілді.