Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жоғалған жасөспірім үш қыздың екеуі Алматыдан табылды

Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен үш жасөспірім қыздың екеуі Алматы қаласынан табылды.
Естеріңізге сала кетелік, 25 наурыз күні кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылында тәрбиеленіп жүрген 15-16 жастағы үш жасөспірім қыз белгісіз себеппен кетiп қалған. Содан бері хабарсыз жүрген оларды іздеу шаралары қолға алынды.
Осы мақсатта қалалық полиция басқармасының жеке құрамы тиісті шараларды атқарды. Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырлары, саяжайлар, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттар, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлер тексерілді. Олардың фотосуреттері көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілген. 
Іздеу шараларына еріктілер де қосылды. Оған белсенді азаматтар мен жанашыр еріктілер тартылды. 
«Осындай жұмыстардың нәтижесінде қыздардың екеуі 27 наурызда кешкі уақытта Алматы қаласында жүргені анықталды. Оларды табуға тұрғындардың қырағылығы мен полицейлердің кәсіби шеберлігі оң әсерін тигізді. Бұл бағытта бағдарларды барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жаппай тарату пайдасын тигізді. Қазір қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді. Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: