Шиелі ауданында «Мақсат. Бірлік. Еңбек» атты аудан көшбасшы жастарының кездесуі өткізілді. «Сыр ұланы» лагерінде ұйымдастырылған 3 күндік шараға ауданымыздан 80-ге жуық жастар қатысты.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшбасшы жастар кездесуінде жастардың қаблетін көтеретін түрлі семинар-тренингтер мен оқыту курстары өткізіліп, алаш қайраткері М. Шоқайға 125 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастар аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлымен және түрлі сала басшыларымен қатар, халық қалаулыларымен кездесіп бүгінгі таңда талап етілген, қажеттілігі бар мамандықтар бойынша білім алу мәселелері, жас мамандарды жұмысқа орналастыру проблемалары мен оларға арналған әлеуметтік жеңілдіктер жайлы сауалдарын қойды.