Сотты болғандардың қайталап қылмыс жасауы 23,9 пайызға өскен
Қала бойынша 2014 жылдың 11 айында бұрын сотты болғандармен 135 қылмыстар жасалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,9 % өскен (2013 жылдың 11 айында 109 қылмыс тіркелген). Бұл жайында облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.
Қылмыстардың қайталануы жағдайында еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы заңдар негізінде қылмыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды дұрыс анықтауға аса мән берілуде.
Бұл тұрғыда аймақтық инспекторлардың, жедел уәкілдердің өздеріне бекітілген аймақтағы қылмыстың алдын алудағы профилактикалық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмауынан, ал жергілікті атқарушы органдар бұрын сотталып келгендердің бейбіт өмірге бейімделіп, уақытылы жұмыс тауып орналасуларына тиісті көңіл бөлмеуінен қылмыстардың қайталануы өсіп отыр.
Жалпы қылмыстың, оның ішінде талданып отырған санатындағы қылмыстардың өсуі және жылдан-жылға тиылмауы қылмыстың алдын алуды қамтамасыз ететін қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшылығымен учаскелік полиция инспекторларының жұмысы күнделікті дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан жол берілуіне әкеп соқтырған.
Себебі, басшылықпен профилактикалық жұмыстар талап деңгейінде ұйымдастырылмауынан, қылмыстық ахуалдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін қылмыстың бұл түрлерінің күрделенуі әлі де жалғасын табуда.
Осыған орай, қалалық прокуратурамен бұрын сотталғандармен, түзеу мекемесінен босап келген және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандармен жасалған қылмыстардың қайталануының алдын алуда бір қатар іс шаралар ұйымдастырылып, Қызылорда қалалық ішкі істер Басқармасына, қалалық қылмыстық-атқару инспекциясына және қалалық жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне оның орындалуы жүктелді.