Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Есірткі еккендер ұзақ жылдарға сотталды

Есірткі еккендер ұзақ жылдарға сотталдыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар сора өсімдіктерін ірі мөлшерде заңсыз егіп, сату үшін өсірген үшін 3 адамға қатысты айыптау үкімін шығарды. 
Көктем мезгілінде екі сотталушы адамдар тұратын жерден 95 км қашықтықтағы сора өсімдігін егеді. Жаз бойы олар 4895 түп сора өсімдігінің айналасындағы арам-шөптерін жұлып, түбін көміп, түптеп, күнделікті күтіп-баптап, заңсыз өсірген. Шілде айының соңында сотталушылардың біреуі өзінің танысына серіктесі екеуінің ірі мөлшерде сора өсімдіктерін егіп, өсіріп жатқандарын, егер өсіріп, одан кейін жинап, өткізуге көмектесетін болса ірі мөлшерде пайда табатындарын айтып, бірге сол сора өсімдіктері өскен алқап басына барып жұмыс жасауды ұсынған. 
Сотталушылар сораның көбісін жұлып, арық бойына кептіруге жайылып қойған кезде, алқапқа полиция қызметкерлері келеді. 
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 13 жылға бас бостандығынан, екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Одан басқа сотталушылардың мүлкі тәркіленеді. Сараптамалардың қорытындысына сәйкес сотталушыларға да еріксіз түрде нашақорлықтан емдеу жүргізу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: