Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы тағайындалды

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы тағайындалдыҚызылорда облыстық мәслихаттың кезекті 39 сессиясында аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыстық сайлау комиссиясының жаңадан тағайындалған төрағасы мен хатшысын таныстырды.
Сайлау комиссиясының төрағасы болып Қорқыт ата атындағы ҚМУ проекторы Абайбек Жүнісов, ал хатшысы Аягөз Сырлыбаева тағайындалды. Бұрынғы комиссия төрағасы Қорғанбек Қайроллаұлы енді төраға орынбасары қызметін атқарса, бұрынғы хатшы Қожамжар Наурызбаев комиссия құрамында жұмысын жалғастырады.
Олардың ұзақ жылдардан бергі еңбегіне алғыс ретінде республикалық Орталық сайлау комиссия төрағасы Қуандық Тұрғынқұлов адресат жіберсе, ал облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда облысының құрмет грамотасын табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: