Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада бір күнде 12 карантин талаптарын бұзушылық анықталды

9 тамызда мониторингттік топпен облыс бойынша 15 рейдтік тексеру жүргізіліп,  55 нысан тексерумен  қамтылды. Нәтижесінде 12 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. 
Оның 12-сі жеке тұлғалардың көпшілік қонақ шақырып, отбасылық той жасауға қатысты анықталды. Аталған карантин талаптарын бұзушылықтар Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында тіркелді. 
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында орналасқан кафе қызметкері қорғаныш құралдарынсыз келушілерге қызмет көрсеткен. 
Карантин кезінде шектеу шараларын бұзған, сақтық шараларын орындамаған тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: